Ақындар


Репрессияға түскен ақындарға арналады

 

Сәттлікке жеттің бе, әлде өтіп кеттің бе - өңкей ақын күткені,

Қорлық көрмей, зардап шекпей қай ақынның молшылыққа жеткені.

Ұйқас қарап сынайсың, сөзін оқып ойлайсың, таңдай қағып "дарын" деп,

Нан табам деп жазды ма, әлде тағы басқа ма - сұрамастан кеткені...

Ойбай, өлім келді деп, кейін қалдыр оны деп, ешбір ақын сұрамас,

Айтқан-жазған сөзімді мезгілінде халқыма жеткізсең деп, замандас.

Мейлі ғасырлар өтіп, тіпті молаң құм болып, құлпытасың қирасын,

Бір адамның болса да мұра болып жадында, жүрегінде қалсақ біз.

Қызғаншақтар айтады: қызық өмір сүреді ақын деген, мәңгі бір,

Бүгін болса оларды Қара өзенге тоқтытып, тасытады тас-көмір.

Шыққан халық алдына белгісіз бір ақынның ауызын жауып тастаймыз.

Қайран өмір, қайтейін, ақын деген адамның еститіні тек әмір.

Өткен ғасыр дерті деп, басқа заман келді деп, көңілімді ақтадым,

Бүкіл жерді тінтілеп, оқыдым да, санадым, іздедім де - таппадым.

Құлшылдаған мәшіннің шөпірлері шынымен жақсы екен, деп ойлайсың,

Бақ шығарып,  ләм деме, жұрттан артық бар деме - сонда аман қалғаның.

Таңдай бер сен: оқ керек пе, дар керек пе, у ма екен ол, қанжар ма?

Сабау менен қорқыту бар, өртеу де бар, ұшырсақ па екен ұшпадан.

Ұзақ өмір сүру деген ақындарға ыңғайсыз - ыңғайсыз ғой ол бізге,

Бір ыңғайы: ақынның жарық көрер өлеңі кеткеннен соң өмірден.

Шіріп жатқан қомағайлар ақындарды шірітер - шірітпеске амал жоқ,

Өлтірген сол баскесердің шықпас жасы, шықпас тері - көйлегі көк, тамақ тоқ.

Құрастырам десең де жанып кеткен майшамнан қайта майшам құралмас,

Жанын сатқан баскесер болашақта біз сенер үміт, сенім, пайда жоқ.

Қалың халық ұмытпас дегенді де естідік, Ақын айтар: - сенбейміз,

Қалың мұзың жұқа болып адымдатпай, жай қарап біз жүрмейміз.

Мейлі ғасырлар өтіп, тіпті молаң құм болып, құлпытасың қирасын,

Бір адамның болса да мұра болып жадында, жүрегінде қалсақ біз.

Марвенал

2007