Үй салар едім үйі жоқ панасызға


Үй салар ем (едім) үйі жоқ  панасызға
Артық болса ақшалар қалтамызда
Жылы төсек табылсын мұздағанға
Ашаршылық болмасын әр уақытта

Қайырымдылық ашар ем (едім) банктан шотын
Мейірімділік адамдар жақсын отын
Панасыздың өмірін қуантатын
Болсын мейлің тиын мен басқа затың

Пана алған тұрғанына ұялар
Әлсіздікті мойындау қиын шығар
Жығылғандар тек жерге сонда құлап
Өмір түбі жаман иістен айырылар

Дауыл күшін  барлық адам біледі
Күштілерде талай құлап кетеді
Қолданбайды сүрінгенге шараны
Абыроймен қоғам егер сүреді

Қылмыскерге арнап түрме құрады
Соған заңды бұзғандарды салады
Қоғамнан тыс, түрме жабық болса да
Құрғақ жерде азғын сонда тұрады

Панасызға еркіндік рақат шығар
Бірақ оның өмірі  айып тағар
Күші тасып тұрған да керек болып
Сүрінгенде итеріп  қоғам барар

Өмір түбін көтеру парыз болсын
Тамағы бар, түбінде жылу толсын
Панасызға үйім күшті болмаса да
Итеріліп шығуға мүмкін болсын


Автор Комментарий
Аватар пользователя Айна Айтжанова.
Сообщений: 6
С нами c 2007-12-02

Мара, біздің сайтқа келіңіз, www.elrayi.net 

Сіздің қантарда жазған пікіріңіз жайында маған бүгін ғана хабарлады.   

Сол жерде еркін қазақша жазуға болады. Бірақ та, алдымен қазақ шрифтері сіздің компьютеріңізде болу керек. Осы жерде менім почтам бар, сол почтаға хабарласыңыз!  

 
Аватар пользователя мара.
Сообщений: 17
С нами c 2008-11-28

Мен мынаган казакша жазсам, менин жазгандарымды оки алмайтын шыгарсиз. Сондыктан маган калай казакша шрифттерди косу керек екендигин тусиндирип жибермейсиз ба?