Жалғыз рух па жалғыз?


..Жалғыздықтан,қасіреттен жалықтым
Орынсыз жерде күрсінумен жабықтым
Серік болар доссыз, сүйерлік бір сұлусыз
Ізін қуып келемін шөл даламда бақыттың
(Б.Т.)

 

…Жалғыздық алғаш маған келгенде мен оны байқамадым… келді, қасыма отырды.. Кейін мен оны тани бастадым…бірінші маған қызық көрінді..сосын үрейлене бастадым…сосын қорықтым , менің өмірдегі бүкіл күндерім сонымен бірге өтеді деп…ал кейін маған ол бір жазылмас дерт, оданда бетері бітпес жазадай болып көрінді..мен қашуға тырыстым…біреуді тапқым келді..бірақ ешкім маған көмекке келмеді, мен оларға жақындаған сайын олар менен қаша бастады…тек достар ғана..ал олар сенің жалғыз екеніңді сезбейді екен, әлде сенбейді ме екен??? Сосын мен жалғыздықтан құтыла алмасымды ұқтым..онымен тату тәтті болуға тырыстым….Сосын маған бір қарт айтты : «жалғыздық сенің тағдырың» деп…менің көнуден басқа амалым қалмады…бірақ…


*****
Қала көлігінде жұмыстан шығып келе жатырмын..шаршағандықтан қалғып мүлгіп келемін..қасыма бір қыз келіп отырды..мен оны көрген жоқпын, бірақ қыз екендігін сездім..және оның маған қайта-қайта қарай бергенінде…сосын ол тіл қатты:
-Сағатыңыз қанша екен?
-Онға бес бар…
-рахмет
-………..
-Жұмыстан келесіз бе?
-Көрініп тұрған жоқ па..
-иа көрініп тұр
……
-Атыңыз кім?
-Бекжан
-Ал менің атым Зарина…
-……..
-Телефоныңызды бересіз ба?
-жарайды….

Кетерінде: «мен сізге өз номерімді бермедім,бірақ уайымдамаңыз мен сізге өзім телефон соғамын» ???

«Неге ?, кімсің өзі?», тағдыр мені сынады ау деймін….ал маған бәрібір..шаршап келе жатпасамда ол әңгіме солай басталып , дәл осылай бітер еді..себебі жалғыздық менің жақыным бүгін…бірақ ертең….

*****

….ал жалғыздық болса мен үшін бір ғажайып құбылыс…Жалғыздық «біреу» сияқты менің қасыма серік болып сайланған… Жоғарыдағының ісі болу керек…маған тек өзі жайында жаздырады…тек өзін мойындатуға тырысады..неге екенің білмеймін..бірақ ол өткінші..менің рухымның ұстазы…Бір күні мен, сол жалғыздықтан да жалығарымды білем..өмірдегі әр құбылыстан жалыққанымдай…сүюден , серіктіктен, өмірден, өз-өзімнен…

..сүюден жалықтым себебі жемісін көрмедім, сүюден жалықтым себебі сүйе алмадым, сүюден жалықтым себебі …себебін өзімде білмеймін…

…ал серіктік?…білмеймін тұрақты серігім болмағандықтан шығар… ес білгелі төңірегімдегі серіктерім өзгеріп келеді..қашан тұрақты болады оны да білмеймін..сондықтан жалықтым..

…өмірден..себебі күресуден шаршадым…ең өкініштісі пәлендей еш кәдеге жарамастан куресуім..еш пайдасын көрместен..тіпті сол «біреу» мен туылғалы менімен ойнауға бел буғандай.. бұл сұм дүниеге көзімді, ерігіп отырған кезінде ашқанмын ба?

….өз өзімнен..менің «өзім» дегенім рухым..менімен ол егіз жаралғандаймыз, бірақ екеуіміз бір емеспіз…екі дара жаратылыспыз…мүмкін бір күн бір-бірімізді мойындағанымызда біз бірігетін болармыз…сол кезде өмірім өз маңызын табар..ал қазірше мен рухымды танымаймын…бірақ ертең мен…

*****

…жалығып жүрген кезімде бір нәрсе ойға келді….өз өзінен ..мен өзім таппастан… мен жалғыз емес екенмін, себебі бұл өмірде мен сияқты «жалғызбыз» деп жүрген басқа жалғыздар бар екен..және олар көп емес, бірақ , азда емес..

..сонда әр жалғыз, басқа жалғызды жалғыздықтан құтқарса , тек оны ғана емес , өзінде жалғыздықтан құтқарады…

..тек мәселе қай жалғыз , қай жалғызды бірінші құтқарадыда…

..кеше бір періштесымақ былай деді: Жоғарыдағы адамдарға өзі сызып берген тағдырын тапсын дейді екен, ал жалғыздықты сын қылып қасына қосып береді..сын біткенде қайтарып алады…әлемдегі бар адам жалғыз жаратылсада, оны сезе бермейді…біреудің ерте , біреудің кеш сыны бітеді..сынның бітуі мен жалғыздықтың кетуі бір екен…

…бірақ мен ертең.. әлі жалғыз болам , себебі менің сыным біткен жоқ…ал сыным біткенде , басқа сыны біткен жалғызды құтқарам..неге екені белгілі ғой……….себебі жалғыздықтан жалығам….


Автор Комментарий
Марвенал (не проверено)
Аватар пользователя Марвенал.

Таптым деп жалғыздықтан айырала аламыз ба екен?
Жалғыздықтан арылу - осы өмірде өз-өзіңді табуыңда. Қасыңдағы адамың сенің өмірді қалай сүріп жатқаныңды, қай ой, қандай арманың бар екенін сезбесе - қайтадан жалғыздыққа мойныңды сұғасың. Ал қаншама адам сол жалғыздықты аңсап жүр! Бұл да жаңағы сен айтқандай - өмірдің бір сыны.
Ал сын болмаса өмірдің де қызығы болмас. Себебі, сол сыннан өтіп, өзіңді жеңімпаз санауың алдағы өміріңе стимул болады ғой.
Сондықтан да қаймықпа. Әлі де табарсың сыңарыңды...

 
Аватар пользователя Benjamin.
Сообщений: 4
С нами c 2007-12-25

Рахмет..:)

 
Аватар пользователя Айна Айтжанова.
Сообщений: 6
С нами c 2007-12-02

Жалғыздық сені қоршап алып күйдіреді

Қоршамаса, осы аңызды жазар ма едің

Отқа қойған ыдыс бетін жауып қойсаң

Салған етің демі бітіп, бір піседі

Піссін мейлің жан боыйыңда өлең, аңыз

Бір піскенде дәмін татсын оқырманыңыз

Оқырмандар шулап жүрсе қуанғанан

 Жалғыздықтан сол кезде ақ арыласыз

 

Тұған күніңізбен!

 Ден саулық, сәт, табыс, шабыт тілеймін!!!