Үлкен мен кіші


Қазақта үлкенді силау бар. Кейде үлкен сыйға жарамайды. Сол кезде дәстүр, жағдай, сана қақтығысы пайда болады. Сондай жағдай тұралы осы өлең.

Мен үлкенмін деп көкірегін ұрса егер
Таппағаны басымдықты немен тірер
Кіші кішірейіп үлкенге абырой қалдыр
Тесік таппай тұр сол үлкен жерге кірер

Үлкен үлкенге лайықты болса егер
Санасымен кішісіне жол көрсетер
Кіші жетіліп, ісімен аса түссе
Сыйлап, қуанып, аброймен үлкен жеңер