Бедел мен хақ


Қазақтар бірі біріменен көбіне тіл табыса алмайды. Алдымен дәреже тілінде сөзді бастайды. Дәрежелері лайықты болмаса сөз доғарып қалуы мүмкін. Әйтпесе бірі төре болып, бірі еріксіз болып сөзді жалғастырады....

Сөз бастайды талай жерде менімен қазақ
Беделі мен дәрежесін айқындап ап
Сөз реті маған келгенде жауабымда
Күтеді байқап, беделі аспадыма

Көкрек қағып айқайлаудан ұйяламын
Сезінемін өз өзімді қарапайым
Адам айтам деп ұмтылса егер маған
Бар назарым бір мезетте ауады соған

Талай жерде қазақ адам үндемейді
Сондықтан болар жамандар үймелейді
Үнсіз қажып, амалсыздың күйін киіп
Таусылғанда, көтеріліп, кетеді қиып

Мен армандаймын, шалқаймаса жеткендері
Жетілу шексіз, тыңдай алсын күткендерді
Мен армандаймын, сөзбен шертсін мұңын қазақ
Басылмасын сезімінде әділді хақ